Алматы облысында орысша аталып жүрген ауылдар қазақшаланды

Көркем Алдабергенова 20 ақп. 2024 09:47 2380

Алматы облысында орысша аталып жүрген ауылдар мен округтер қазақшаланады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Әңгіме Іле, Талғар, Кеген өңіріндегі ауылдар туралы болып отыр. Атын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарды.

Іле ауданында мынандай өзгерістер болмақ:

  • Энергетический ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы - Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы - Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына;
  • Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы - Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылына;
  • Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі мен КазЦИК ауылы - Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округіне және Асқар Тоқпанов ауылына.

Кеген ауданында Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы - Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып қайта аталмақ.

Сондай-ақ Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде Қызыл-Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылы болып өзгертілді.

Осы Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар