Алматы облысында оқушыға қатысты зорлау ісі: екі күдікті ұсталды

Қаракөз Амантай 10 сәу. 2026 16:16

Алматы облысында 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілердің шеңбері анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қалған күдіктілерге қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айыптың ауырлығы мен істің қоғамда кең резонанс тудыруына байланысты тергеу облыс орталығына берілді. Полиция басшылығының тікелей тапсырмасымен оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтау үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove