Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Ақтоты Жапатова 28 нау. 2025 14:29 1258

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Толқын орта мектебі" коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Қуандық Санжар Ғалымжанұлы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинады.

«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, биылғы “Наурыз” ҰБТ-сы жоғары бәсекелестік жағдайында өтіп, талапкерлерге білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. 

Наурыздағы ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтіп жатыр. Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар