Мемлекет қолдауы мен облыстағы күріш өсіруші шаруа қожалықтарының жауапты жұмысының арқасында барлық қажетті техника, тұқым, танаптар дер кезінде даярланып, алқап жұмыстары сапалы жүргізілді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Балқаш ауданында биылғы жылы 8861 га күріш себілген. Мәселен, «Бірлік» – 1653 га, «Динара» өндірістік кооперативі – 1006 га, «Тамшыбұлақ» ЖШС – 1800 га сепкен. Ауданда 41 шаруашылық танаптарына су жіберілді.
Сонымен қатар Қаратал ауданы да күріш егу жұмыстарын аяқтаған. Мұндағы күріш алқабының көлемі – 1863 га.