Алматы облысында әкім мінген көлік апатқа ұшырады

Қаракөз Амантай 15 қыр. 2025 17:24

Алматы облысы Райымбек ауданында әкім мінген көлік апатқа ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қайғылы оқиға 13 қыркүйек күні сағат 19:32 шамасында Нарынқол–Сарыжаз автожолында болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының тұрғыны, 1986 жылы туған Дулат Дәулетәлиев Bestune T55 маркалы көлігін (мемлекеттік нөмірі 101 BG 05) басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Апат салдарынан жүргізуші Дәулетәлиев пен 1991 жылы туған Тұздыбастау ауылының тұрғыны Шоқан Мұхтарбайұлы Өкенов ауыр жарақат алып, Нарынқол аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Ал 1987 жылы туған Шыңғыс Мұхтарбайұлы Өкенов алған жарақатынан жолда көз жұмды.

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің арасында Талғар ауданының ауылдық округі әкімі де бар.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына аудан прокурорының орынбасары және жедел-тергеу тобы шықты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар