ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы арнайы қатысқан жиында облыс басшысы өңірдегі 54 білім ұясының үш ауысымда жұмыс жасап тұрғанын бүкпесіз мәлімдеді.
– Алматы облысындағы мектептерде 23 273 оқушы орны тапшылығы бар. Бүгінде үш ауысымда білім беру мен оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында 2022-2025 жылдар аралығында 62 мектептің құрылысын салу жоспарлап отырмыз. Биыл 20 білім беру нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Оған 39,0 млрд теңге бөлінген, – деді Марат Елеусізұлы.
Айта кетейік, биыл 12 білім беру нысанынын қолданысқа беру көзделген, оның ішінде 8 мектеп үш ауысымда оқытуды жою үшін салынуда, 8 мектептің құрылысы 2023 жылы аяқталады.