Алматы облысы әкімдігінде ауыс-түйіс: Майлыбаев жаңа қызметке тағайындалмақ

Қаракөз Амантай 06 қаз. 2025 09:31

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне бара жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Естеріңізде болса, жақында Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

Майлыбаев кім?

Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Nur Otan партиясының Алматыдағы Бостандық аудандық филиалының бас бухгалтері қызметінен бастаған.

Түрлі жылдары партияның Алатау аудандық филиалында заң кеңесшісі, кеңесші болып жұмыс істеді.

2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2015-2019 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2019-2020 жылдары Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар