«Mission» бағытына қатысқан 57 команданың ішінде ерекше өнертапқыштық пен конструкторлық идеялары үшін біздің қыздар жүлделі орындарға ие болды:
І орын - Ақат Ақерке - 10 «А» сыныбы, Кипшакбаева Нурфатима – 10 «В» сыныбынан алтын медальмен марапатталды;
ІІ орын - Кульясова Ажар – 10 «В», Нұрахан Алуа – 10 «В» және Омарқұлова Мадина – 10 «В», Саян Амина – 9 «В» күміс медальмен марапатталды.
Менторы, І санатты информатика пәнінің мұғалімі – Яман Эрдал Хавва.
Тақырыбы: – Қазақстанның экологиясы мен туризм саласын дамыту. Роботтарды жасау мақсаты – бағдарламалау тілін зерделеу, дизайн ерекшеліктерін үйрену. Мұғалім «EV3 lego robot programming» технологиясы бойынша оқушыларды техникалық пәндерге қызығушылығын арттыруға тырысады. Оқушылардың жасаған роботтары жеке нұсқауларды орындайды. Оның ішінде сенсор арқылы түстерді таниды, айыра алады, жолда кездесетін кедергілерді айналып өтеді.
Соңғы кездері заманауи талаптарға сай оқушылар робототехника саласына деген қызығушылық танытатыны байқалады.
Әдіскер, Орғанова С.Т.