Алматы әуежайында ондаған рейс кешігіп жатыр

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 13:02

Алматы әуежайында бірқатар рейстердің кешігуі тіркелді. Онлайн-табло мәліметіне қарағанда, кідірістер келіп қонатын және ұшып шығатын бағыттарға да қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кешігу ішкі және халықаралық рейстерге әсер еткен. Кейбір бағыттар бойынша күту уақыты үш сағаттан асып кеткен, бірнеше рейс мүлде тоқтатылған.

Мысалы, China Southern Airlines әуе компаниясының Үрімші бағыты бойынша 7:50-де келуі тиіс рейс 3 сағат 45 минутқа кешігіп, тек 11:35-те қонады.

Келуі кешігіп жатқан рейстер:

Scat, DV 747 (Шымкент) - 1 сағат 10 минут;

Scat, DV 758 (Тараз) - 35 минут;

Air Astana, KC 9722 (Шымкент) - 2 сағат 20 минут;

Air Astana, KC 8522 (Астана) - 50 минут;

Scat, DV 7201 (Ақтөбе) - 40 минут;

Air Astana, KC 8584 (Ақтау) - 2 сағат 10 минут;

Air Astana, KC 8783 (Атырау) - 1 сағат 10 минут;

Scat, DV 7264 (Өскемен) - 2 сағат 10 минут;

Air Astana, KC 910 (Сеул–Инчхон) - 1 сағат 40 минут;

Scat, DV 5319 (Фукуок) - 1 сағат 10 минут;

Scat, DV 808 (Минск-2) - 1 сағат 15 минут;

Scat, DV 5321 (Фукуок) - 1 сағат 40 минут;

Air Astana, KC 266 (Жидда) - 2 сағат 45 минут;

Scat, DV 5317 (Фукуок) - 1 сағат;

Air Astana, KC 898 (Дубай) - 1 сағат 40 минут;

Air Astana, KC 5865 (Мале–Ибрахим Насыр) - 3 сағат 40 минут.

Ұшыру кестесінде де қиындықтар бар. Доха бағытындағы Finnair, British Airways, Cathay Pacific пен Qatar Airways рейстері 13–13,5 сағатқа шегерілген. Emirates-тің Дубайға ұшағы 19 сағатқа жуық кешігіп тұр.

Ұшуы кешіктірілген рейстер:

Finnair O.Y.J, AY 6524 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

British Airways, BA 6378 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

Cathay Pacific Airways, CX 9212 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

Iberia, IB 6140 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

LAN Airlines, LA 5657 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

Qatar Airways, QR 390 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

Volareweb.com, VA 6182 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

WB, WB 1025 (Доха) - 13 сағат 30 минут;

Emirates, EK 2423 (Дубай) - 18 сағат 5 минут;

Fly Dubai, FZ 1722 (Дубай) - 18 сағат 5 минут;

SCAT Air Company, DV 7252 (Өскемен) - 2 сағат;

Air Astana, KC 6412 (Астана) - 1 сағат 30 минут;

China Southern Airlines, CZ 6076 (Үрімші) - 3 сағат 10 минут;

Air Astana, KC 263 (Медина) - 15 минут.

Жолаушыларға рейс статустарын ресми сайт пен мобильді қосымшалар арқылы тексеру және әуежайға ертерек келу ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар