Freedom Inside '26

Алматы әуежайына барар жолда шектеу қойылды

Алматы әуежайына барар жолда шектеу қойылды
gov.kz

4-11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жолда асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Осыған байланысты уақытша 1-кіру және 2-шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.