Алматы – Алаштың айнасы

Dalanews 05 жел. 2016 16:26 806

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласының 1000 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Президенті мұрағатының және тарихшы ғалымдардың, докторанттарды, магистранттардың және студент жастардың қатысуымен  2016 жылдың 29 қарашасында «Алматы - алаштың айнасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді ашып берген университет проректоры, профессор  Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаев осы жылы ЮНЕСКО деңгейінде тойлануға шешім қабылданған әсем қала Алматының республика аумағындағы алатын орны мен барлық ұлт өкілдерін байланыстыратын орта ретінде қаланың маңыздылығына ерекше мән беріп өтті.  Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республиксы Президенті архиві, Мұрағат қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының басшысы Гаухар Оразайқызы Бекишева «Алматы тарихы – ҚР Президенті архиві құжаттарында», т.ғ.д., «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры Әзімбай Бейсетбайұлы Ғали «Ескі және жаңа Алматы: этнодемографиялық өзгерістер», т.ғ.к., Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Арнабай Әбішұлы Нұржанов «Оңтүстік астанамыз Алматы қаласына 1000 жыл», «6D020300-Тарих» мамандығының 1 курс докторанты Санат Жумабаевич Айнакулов «Әсем қала Алматы – өнер мен мәдениеттің алтын ордасы», «6М050100-Әлеуметтану» мамандығының 1 курс магистранты Дүйсенбайқызы Айтолқын «Ортағасырлық Алматы қаласы: өткені мен өткелі», «5В011200-Химия» мамандығының 2 курс белсенді студенті Амантаева Сандуғаш «Бабалар ерлігі – тәуелсіздік бастауы», «5В011600-География» мамандығының 1 курс белсенді студенті Базарбекова Нұрсая  «Тәуелсіз ел- Мәңгілік ел» атты тақырыптарда баяндамалар жасап, Алматы қаласының тарихын, әлемдік аренадағы тұғырын және ел экономикасындағы әсері мен орнын айқындап бергендей болды. Баяндамашыларға тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптары ортаға салынды.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасына орай Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Арман Үкіұлы Абдыхалықов, Басқарма бастығының орынбасары Қазына Асанқызы Бекбенбетова, Жаратылыстану және география институтының директор орынбасары Нұрлан Тұрсынбекұлы Манапов, Тарих және құқық институтының директор орынбасары Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын мырзалар баяндамашылардың пікірлерімен бөлісумен қатар, студенттер мен магистранттардың сұрақтарына да жауап қатып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында қонақтар мен баяндамашылар және белсенді қатысқан білім алушылар университет басшылығы тарапынан марапатталды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар