Алматы әкімдігі блогерлер, имидждік видеолар және Tripadvisor жарнамасы үшін 1,2 млрд теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Dalanews.kz Bes.media-ға сілтеп.
Қалада туристерді қабылдау үшін 37 қонақүй салынып жатыр.
Алматы әкімдігі қаланы туристік бағыт ретінде ілгерілету үшін блогерлер, жарнама және имидждік видеолар арқылы 1,2 млрд теңге бөлді.
Қаражат инфлюенсерлерді тартуға, халықаралық іс-шараларды қолдауға, Expedia және Tripadvisor-да жарнама жасауға, туристік гидтер әзірлеуге және туристік ағымдарды зерттеуге жұмсалады.
Әкімдіктің мәліметінше, өткен жылы жүргізілген жарнамалық кампания 300 млн аккаунтты қамтып, әлеуметтік желілердегі белсенділікті 20 млн адамға дейін арттырды және 100 мың турист тартты. Бұл қалаға 73,5 млрд теңге кіріс әкелді.
Басты назар – қонақүй қорының дамуына аударылуда. Алматыда 5615 нөмірі бар 37 жаңа қонақүй салынып жатыр. Олардың 10-ы 2025 жылы ашылады.
Қонақүйлерден бөлек, қалада 29 туристік нысан салынып жатыр, олардың 14-і 2025 жылы ашылады.