Алматы академиясы алғашқы киберқауіпсіздік мамандарына диплом табыстады

Dalanews 11 мау. 2022 05:52 1193

Бүгін ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында осы оқу орнын бітіріп, қоғам қауіпсіздігі гот үшін күресте  қаза тапқан 32 полиция қызметкеріне арналған ескерткіш-монументтің салтанатты ашылуы мен Академияның Кәсіби дайындық факультетінің 2022 жылғы бітіруші түлектеріне алғашқы полиция лейтенанты арнаулы атағы мен диплом тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары  полиция генерал-майоры Ержан Саденов, Академия Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Талап Қабденов, "Генералдар кеңесі" РҚҚ  төрағасының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Бексұлтан Сарсеков, генерал-майор Молдияр Оразалиев, генерал-майор Маратқали Нүкенов, генерал-майор Жан Кенжетаев, отставкадағы полиция полковнигі  Дәулет Құсайынов, ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаев  және Академияны бітірушілердің ата-аналары мен қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің туыстары қатысты.

Салтанатты іс-шараның келесі кезеңінде М.Есболатов атындағы Алматы академиясын  бітіруші түлектерге  дипломды Ішкі істер министрінің орынбасары  полиция генерал-майоры Ержан Саденов пен Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков табыстады.



Алматы академиясын биыл 276  курсант бітіріп шығады, оның ішінде 13 курсант қызыл диплом иегері.

234  курсант  – жедел іздестіру білім беру бағдарламасын,  42 курсант  – ақпаратттық жүйелер  мен радиотехника, электроника және телекоммуникация  бойынша  білім беру бағдарламасын аяқтады.


Ерекше айта кететін жайт – бүгінгі таңдағы сұранысқа ие заманауи мамандар даярлайтын   Алматы академиясы биыл алғаш рет  IT мамандар даярлап шығарды. Кибер қылмыстарды ашуға маманданған IT мамандардың екеуі  ҚР ІІМ Орталық аппаратында қызмет атқаруға жолдама алды.

Бітіруші түлектерді салтанатты түрде құттықтаған Ержан Саденов, Талап Қабденов және Рахым Ошақбаев оларға ел тыныштығын күзетуде абыройлы еңбек ету үшін сәт-сапар тіледі. Академия түлектері атынан сөз алған полиция лейтенанты Нұрдаулет Тойлыбай  ішкі істер органдарында қызмет атқару барысында  Отан алдындағы антқа адал болып, Жаңа  Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндеріне сенім білдірді.



Салтанатты жиын кезінде курсанттар мен қонақтар қаза тапқан түлектердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, автоматтан оқ атып құрмет көрсетті және бір минут үнсіздік жариялап қоғам тыныштығы үшін құрбан болған әріптестерін еске түсірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар