Қазақстандық Allur автокөлік компаниясының жетекшілігіндегі MG бренді «Таза пайда: икемді төлем» атты жаңа қаржылық бағдарламасын таныстырды. Бұл бағдарлама брендтің танымал модельдеріне ыңғайлы ай сайынғы төлеммен және 7 жылға дейінгі мерзіммен тиімді несиелеу шарттарын ұсынады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Енді заманауи седан немесе технологиялық кроссовер MG автокөлігін бастапқы жарна 10%-дан және ай сайынғы төлем 86 242 теңгеден бастап сатып алуға болады.
Сатып алушылар үшін бірден бірнеше қаржыландыру бағдарламасы қолжетімді.
«LUXE» жинақтамаларына арналған субсидияланған бағдарлама бойынша ЖТСМ 4,09%-дан басталатын төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады. Бағдарламаға келесі модельдер қатысады:
- MG ZS «Luxe» жинақтамасы — айына 90 237 ₸ бастап;
- MG HS «Luxe» жинақтамасы — айына 104 500 ₸ бастап;
- MG RX9 «Luxe» жинақтамасы — айына 156 798 ₸ бастап.
Күнделікті пайдалануға тиімді шешім іздейтіндер үшін «COMFORT» жинақтамаларына арналған стандартты несие бағдарламасы қолжетімді. Несие мерзімі — 84 айға дейін, бастапқы жарна — 10%-дан бастап:
- MG 5 «Comfort» жинақтамасы — айына 86 242 ₸ бастап;
- MG ZS «Comfort» жинақтамасы — айына 92 411 ₸ бастап.
Сондай-ақ клиенттер үшін жеке есептеу мүмкіндігі қарастырылған — MG мамандары бастапқы жарнаның мөлшерін және ай сайынғы төлемді ескере отырып, ең оңтайлы несиелеу шарттарын таңдауға көмектеседі.
MG модельдерінің әрқайсысы, жинақтамасына қарамастан, жайлы әрі қауіпсіз жүргізуге қажетті барлық заманауи мүмкіндіктермен жабдықталған: қауіпсіздік жүйелері, ыңғайлы мультимедиа жүйесі және ойластырылған интерьер.
Барлық автокөлік тест-драйвқа қолжетімді. Модельдік қатарға 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін mg.com.kz сайтында өтінім қалдырыңыз немесе 3388 нөміріне хабарласыңыз.