«Жаңа әліпби жаңа дәуір бастауы» атты Алматы облысының ақпараттық топ мүшелері кезекті түсіндірме жұмысымен Кербұлақ ауданына барды. Мәдениет үйінде өткен жиынға күреңбелдіктер түгел жиналыпты.
Күн тәртібіндегі алғашқы сөз Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев алып, латын таңбасына өтудің маңызын түсіндірді.
– Әліпбиіді өзгерту – өте маңызды іс. Бұл бір қаріптің екінші бір қаріпке ауыса қоюмен шектелмейді. Әліпбидің ауысуы елдің санасына, дүниетанымына, ойына әсер етпек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Латынға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманға технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасырдағы ғылыми және білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты» – деп атап көрсетті. Бүгінде кирилл қарпін әлемде 250 миллион халық қолданатын болса, латын қарпін 5 миллиардқа жуық адам қолданады екен – деген топ жетекшісі Айдар Карбозұлы латын графикасына көшу – әлемдік өркенитеке қол жеткізудің негізгі тетігі екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол латын әліпбиі ғылым мен теxниканың, интернет пен IT-теxнологияның тілі, ендеше осындай маңызды іске үлкен жаупкершілікпен қарауымыз керек деді.
«Жер шарындағы xалықтың үштен бір бөлігі латын әліпбиін қолданады» – Кербұлақ ауданында өткен жиында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, топтың белді мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев осылай деді.
– Латын әліпбиіне көшуге қатысты «Нұр Отан» партиясы саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығы арнайы зерттеу жүргізген еді. Осыған қатысты жүргізілген сауалнаманың қортыныдысы бойынша қазақстандықтардың 93,3 пайызы қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы толығымен хабардар болды. Реформамен таныс респонденттердің 60 пайызы латын әліпбиіне көшуді толығымен қолдады, 44,6 пайызы латын графикасына көшетін болсақ басқа елдердің алдында біздің имиджіміз артатынын айтты.
Біз үш жаңғырудан өттік. Ең алдымен саяси-экономикалық, екінші технологиялық жаңғыру, үшіншісі ол рухани жаңғыруымыз болып табылады.
Рухани жаңғыру дегеніміз – адамның сана-сезімін өзгерту, тәуелсіздікті сақтап қалу. Осыған орай Елбасының бес институционалдық реформасы, Ұлт жоспары –100 нақты қадам қабылданды. Осы 100 нақты қадамның бір қадамы осы тіл мәселесіне, тіл саясатына бағытталған. Бүгінгі күні біз осы 100 нақты қадамның 57-ін толығымен орындадық. 2018 жылдың аяғына дейін 100 нақты қадамның 90 пайызын орындайтын боламыз. Яғни, 2020 жылы біз мұны толық орындап бітіп, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіреміз – деген Ғалиасқар Төлендіұлы өз сөзінде латын графикасына өтудің бірнеше принциптерін де тілге тиек етті.
Жиын барысында топтың өзге де мүшелері сөз алып, латын әліпбиіне қатысты орамды ойларын ортаға салып, көпшілік қойған саулдарға да жауап берді.
«Бұл жаңа бастамада мұғалімдер ерекше белсенділік танытуы тиіс. Себебі кезең-кезеңмен көшетін латын графикасын бала санасына сіңіруде мектеп мұғалімдерінің алар орны айрықша. Ендеше, бәріміз бірігіп осы жұмысқа бел сыбана кірісейік» – деді басқосуда сөз алған облыстық білім басқармасының қызметкері Эльвира Досаева.
Осы күні топ мүшелері ауданға қарасты Қызылжар елді мекенінің хақымен де жүздесіп, латын графикасына өтудің маңызын түсіндіріп қайтты.
Көшпелі отырыс барысында сөз алған тұрғындар тарапы латын графикасына көшуді қолдайтындықтарын айтты.
https://dalanews.kz/31877