Бұл кадрлардың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Видео Ресейде түсірілген.
– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді – өрт мамыр айының басында Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген.
«Новосибирск онлайнның» хабарлауынша, видеода 11 мамырда «Омбы-Түмен» тас жолында орын алған өрт көрсетілген. Сонымен қатар видеода жазылған жазу да дұрыс емес – Бородулиха аумағы ШҚО-ға емес, Абай облысына қарайды, – деп хабарлады облыс әкімдігі.