Бірнеше алпауыт мемлекеттердің басын қосқан дүбірлі додада аудан спортшылары еліміздің көк байрағын биікте желбіретіп, үздіктер қатарынан көріне білді. Бұл жеңіс тек Алакөлдің ғана емес, күллі республиканың жетістігі.
Жетісудің жеті кереметінің бірі Алакөлдей ырыс – құты дарыған өлкенің керемет саф ауасымен тыныстап жүрген жас чемпиондарымызға аудан әкімінің орынбасары ізгі лебізін білдіріп, арнайы сый – сияпаттарын табыс етті.
«Жас болса да елдің өр намысын арқалап жүрген спортшыларымызға алдағы уақытта Олимпияда биігін бағындырып, ауданымыздың даңқын әлемге паш етіп, қайратты спортшылары атануларына шын жүректен тілектеспін.»,-деді аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов.
Айбынды өлкеміздің айбарлы спортшыларының алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын!
Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы