Әлем ақындарының ұлы құрылтайына шақырамыз

Dalanews 16 нау. 2017 03:53 759

 

Әлемдегі барша ақындар!

    Адамзат бүгінгі таңда үлкен сынақтың алдында тұр. Біздің Жер-анамыз тұмса қалпынан күн озған сайын айырылып, өзен-сулар ластанып, жер қыртысының тозуы, жер сілкінісі, теңіз дауылы, құрғақшылық, табиғаттың қатері тоқтаусыз етек алып барады. Жерасты байлықтарды аса жылдамдықпен пайдаланып сарқудан, жер бетіндегі өсімдік, жануарлар аймағы да жойылуда. Адамзатқа табиғаттан бұйырған тәңірлік қасиеттері барған сайын құрып, адамдар ақпарат толтырушы сауыт сияқты бағдарламаланып, Жер-анамен тамырластығын ұмытып барады. Осындай алмағайып тұста біз не істеуіміз керек?

   Ақындар – өлшеусіз уақыттың ой-санасын жеткізуші, адамзаттың тіл мәдениетінің елшісі, табиғатпен бітеқайнасқан түйсіктерді сездіруші себепті қазіргі әлемге сіздердің өлеңдеріңіз арқылы жететін алдаспан сөздеріңіз аса қажет. Табиғат ана мен адамзаттың дәстүрлі ырғағы үзілуге тиіс емес.

      Біз бүгінгі таңда поэзия арқылы табиғаттың ақыл-ойын тыңдап, сөздің әсем ырғағымен адамдардың табиғи көңіл пернесін дөп баса жырлауымыз керек. Табиғат анамыз бен адамзаттың арасын жалғаушы – көңіл пернелері үзілсе болмайды.

     Бүгін біз поэзия арқылы табиғаттың көңіл-күй, жан-тынысын тоқтаусыз тыңдап, асыл сөз маржанымен адамдардың табиғи санасында бұғып жатқан сазды ырғақтарды көркемдік арқылы жырлауға тиіспіз.

    Осы ұғымда, біз әлемдегі ақындарды Моңғолияның астанасы Ұланбатырда бас қосып, өлең-жырларын оқып, оған қоса Моңғолияның шөлейттеріне саяхаттап; жақын сырласып, көңілдегі ойларын ортаға салып, сырарғалық жасау, тәжірибелер алмасып, дауыстарды біріктіру  мақсатында: 2017. 08.16-22 аралығында «Табиғаттың ақыл-ойы және адамдардың жан-табиғаты» деген поэзия күндеріне қатысуға шақырамыз. Ақындар ғана емес, ұлт-ұлыстардың ақыл-ойының көпірі болған өлең-сөздің аудармашылары, әдебиет зерттеушілерінің де қатысуларын қалаймыз. Бұл ретте сіздерді астанадан 500 шақырым қашықтықтағы шөл /гоби/ өлкелерге аралатып, ХІХ ғасырдағы Моңғол ақыны, ағартушы, будда дінінің оқымыстысы Данзанравжаның рухы сіңген жеріне барып, шөлдің ерекше табиғаты, көшпенділердің қызықты болмысымен танысып, түнгі аспан астында ақындық шабыттарыңызды шақыруға мүмкіндік жасап отырмыз.

 Ақын достар, бүгінгі таңда дүниежүзінде экономикалық жағдай қолайсыз, соның арасында Моңғолия елі экономикалық ауыр жағдайды бастан кешіріп жатқанын сіздер де түсінеді деп сенеміз. Біз бар мүмкіндігімізбен аса бір мол болмаса да, қызықты әсем поэзия кештер өткізу жобасын шамамыздың келгенінше сіздерге арнап дайындап жатырмыз. Сонымен сіздердің баршаңызды біздің қысқаша жобамызбен танысуларыңызды сұраймыз.

Құрылтай төлемі: WCP 37-г  Моңғолияда 6 түн, 7 күн болуға жоспарладық. Және 500 шақырымдағы шөлге (гоби) саяхаттау. Құрылтайға қатысу бағасы 750$ және сізге гобиға саяхаттау уақыт ұзақ, қиын сезілсе, Ұланбатыр қаласының маңындағы «Тэрэлж» ұлттық паркіне саяхаттау маршрутын таңдауыңызға болады (5 түн, 6 күн 650$) .

Қадірлі ақындар! Табиғаттың ақыл-ойын тыңдап, адамдардың жан-табиғатын ашайық!

Құрметпен Моңғол ақыны Г. Мэнд-Ооёо

ӘЛЕМ АҚЫНДАРЫНЫҢ 37-ші ҰЛЫ ҚҰРЫЛТАЙЫ

Монғолиядағы Әлем Поэзия күндерінің кестесі

2017.08.16 – 22

Монгол Улс, Улаанбаатар. Говь

Тақырып: ТАБИҒАТТЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫ ЖӘНЕ АДАМДАРДЫҢ ЖАН-ТАБИҒАТЫ

 

2017.08.16                   

  • Қонақтарды қарсы алу, тізімдеу

  • Халықаралық ақындардың танысу кеші


 

2017.08.17

  • Әлем ақындарының 37-ші ұлы құрылтайының ашылу салтанаты: Құрылтайдың тақырыбы: «Табиғаттың ақыл-ойы және адамдардың жан-табиғаты»

  • Әлем ақындары антологиясының тұсау кесері

  • Тайуанның ақыны Юй Си-дің құсни жазбасы, жазу мәдениетінің көрмесісінің ашылуы

  • Поэзия оқылымы


 

2017.08.18

  • “Жан-табиғаты” халықаралық поэзия фестивалі

  • Моңғол ақыны В.Инжиннаши - 80 (1837-1882), Г.Сэр-Од - 100 (1917-1940), Ч.Лхамсүрэн - 100, Ч.Чимид - 80 (1927-1980), Д.Нямсүрэн - 70 (1947-2002), О.Дашбалбар - 60 (1957-1999) секілді белгілі ақындардың атаулы жылдығына арналған салтанатты шара


 

2017.08.19

  • "Табиғаттың ақыл-ойын ұғыну” халықаралық ақындардың шығармашылық саяхаты


/ “XIX ғасырдың Моңғолдың даңқты ақыны, ағартушы, оқымысты Данзанравжаның мемориалды жерлері

«Хамарын хийд, Шамбал, Хүслийн таулары /Маршрут: Улаанбаатар – Дорноговь/

 

2017.08.20

  • Гоби саяхатының жалғасы

  • Поэзия оқылымы

  • Жаңа кітап, журналдардың таныстырылуы

  • Көшпенділер тірлігімен танысу

  • Жұлдыздар астындағы түнгі поэзия оқылымы


 

2017.08.21

  • Уланбатырға қайтып келу

  • Жабылу салтанаты


 

2017.08.22

  • Қонақтарды аттандыру


 

Қазақ тіліне аударған: Жүкел ХАМАЙ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар