"Бас жаттықтырушы Ни А.Г. 2007 жылдың басында менің атымнан өзіне үш бөлмелі пәтерді (150000$) БТА банкінен ипотекаға алып, кейін ол үшін төлеуді қойғаны туралы шындықты айтқым келеді. Сол арада менің ата-анамның үйіне "ұлыңыз қомақты қаржы қарыз" деп тоқтаусыз хабарласумен болған. Тек 2012 жылы ол қарызын төледі. Сол жүкпен мен әлем чемпионатын жеңіп шықтым. Ал сіздер болса менің жүйкем жұқарған дейсіздер. Алексей Геннадьевич, спортшылардың жүйкесін жұқартуды доғарыңыз", – дейді атлет.
Еске салсақ, бұған дейін Владимир Седов Ильинді қорқақ деп айыптап, жекпе-жекке шақырған болатын. Және Илья Ильинді мазақ қылып, шу шығарғаны үшін қатаң ескерту алған.
Дереккөз: Nur.kz