Алдымен қазақшаны меңгеріп алыңдаршы

Dalanews 04 қаң. 2017 06:10 885

Қандай да игі іске шақырмастан бұрын әр адам сол бастамасына сәйкес болуы, үлгі беруі шарт.

Басқаша болғанда құны көк тиын ондай ұранның: өзі жемқор бола тұра, басқаны пара алмауға үндеу, өз тойларына қыруар қаржы жұмсап, жерлестерін қарапайымдылыққа шақыру, өзі шетелде емделіп, қалғанды елде сауығуға баулу секілді. Атышулы үштілділік бағдарламасы да солай. Басқаларға ақыл айтып мәжбүрлеуден бұрын билік басындағылар алдымен қазақшаны жөнді меңгеріп алсын.
Расул Жұмалының фэйсбуктағы парақшасынан

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар