Құжатта қызметкерлерге банк бағдарламалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарттар жасасу жөніндегі нормалар жазылған.
Енді Нұр-Сұлтан қаласының бюджеттік сала қызметкерлеріне ҚТҚЖБ-дағы өз депозиттерін автоматты түрде толықтырып, тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы қаржыны тез жинақтай алады.
Елорда әкімі мемлекет басшысының келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй көлемін 3 есеге арттыруды тапсырғанын атап, сол ретте тиісті шаралар іске асырылатынын тілге тиек етті.
– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен, дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесе отырып үлкен жұмыс атқарамыз», - деп атап өтті А.Көлгінов.
Өз кезегінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жинақтаушы азаматтың шотты жалақы есебінен аудару мүмкіндігіне тоқталып өтті.
– ТҚЖБ-дағы шотта үнемі қаражат жинақтау маңызды. Үдерісті жеделдету үшін қала әкімдігімен бірлесіп қаражат жинақтауды енгіземіз. Ол үшін ұйымның бухгалтериясына барып, ТҚЖБ-дағы жинақ шотына қажетті соманы ай сайын аудару туралы өтініш жазу қажет, – деді басқарма төрағасы.
Сондай-ақ, аталмыш процесс бухгалтерлер үшін де тиімді. Олар ресми түрде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің серіктес-кеңесшілері болып танылып, өз жұмысы үшін ақы алады.
Мысалы, компания бухгалтері ұзақ мерзімді 10 тапсырма жасаса, оның негізгі жалақысына қоса 5 000 теңге түседі. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтанда тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 208 мыңнан астам салымшысы бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Банк клиенттеріне 3,5%-дан 5%-ға дейінгі ставка бойынша тұрғын үй сатып алуға несие алуға мүмкіндік береді.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының 9,5 мыңнан астам тұрғыны өз тұрғын үйін сатып алуға несие алды, ал 51 мың тұрғын депозит ашты.