"Алаш қайраткерлері және ашаршылық" онлайн конференциясы өтті

Dalanews 03 мау. 2020 09:48 1280

31 мамыр күні Алматы қаласы Қоғамдық Даму басқармасының қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Тарихтан тағылым" жобасы бойынша Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Алаш қайраткерлері және ашаршылық" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Тарихи датаға байланысты өзекті мәселелер айтылған конференцияға белгілі тарихшы, әдебиетші ғалымдар қатысып, ой бөлісті.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов ғылымның ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етуді қажет ететіндігін айтты. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған үндеуіне байланысты ғылыми орталық құру қажеттігін де нақтылап өтті.                                                                        

«Арыс» қорының президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес «Үндеуге үн қосайын» деген атаумен өз ұсыныстарын білдірді.


Тарих ғылымдарының докторы, профессор Светлана Смағұлова «Аштық пен қуғын-сүргінді зерттеу мәселелері» тақырыбы бойынша сөз қозғады.



Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің ғылыми жетекшісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ахметтанушы Райхан Имаханбет «Алаштың Ахаңы: дерек пен дәйек» атауымен негізгі ұсыныстарын білдіріп, ғылымға бет бұрып жатқан қазақ жастарының архивтік деректі дәйекке айналдырғанда сақ болуын атап өтті. Әдебиет және Өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда «Қуғын –сүргін құрбандары мен ашаршылықтың қазақ әдебиетінде бейнеленуіне» көптеген мысалдар келтіріп, қазақ әдебиетіндегі орынының маңызды екендігін білдірді.

Алаш арысы Қошке Кемеңгердің ұрпағы, алаштанушы, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер «Алаштану: перзенттік парыздан – өмірлік мұратқа» тақырыбында баяндама жасап, Алашқа қатысты тұлғалар есімі әлі де толық ұлықталмай жатқанына бірнеше мысал келтіріп өтті.


Кеңестік түрменің ащы дәмін татқан, ЕСЕП партиясын дамытқан, "Жас қазақ" ұйымын құрған, жазушы, өлкетанушы Кәмел

Жүністегі «Жас қазақ» ұйымы тақырыбы төңірегінде тағылымды ой өрбітті.                                                                  

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к. Бақтылы Сансызбайқызы Боранбаева «Батыс Қазақстан облыстық архив қорындағы қуғын-сүргін жəне ашаршылық туралы деректер»,

М.Өтемісов атындағы Батыс қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан республикасы тарихы кафедрасының меңгерушісі Байбулсинова Альфия Сабырғалиқызы «Алаш қайраткері, дәрігер Дәулетшаһ Кусепқалиев» тақырыбында архивтік құжаттарды көрсете отырып, өз ұсыныстарын да білдірді.Тарихшы, зерттеуші Әделет Жағыпар «Отандық тарихта жастардың астыртын саяси ұйымы ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) мәні мен маңызы» тақырыбында баяндама жасап, өз ұсынысын атап көрсетті.



Республикалық онлайн конференцияға Ақтау қаласынан Жанат Нұрмаханова, Нұр-Сұлтан қаласы, КАЗГЮУ Университетінен Медешева Изат Белғожақызы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистранты Бекайдарова Моншақ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетіндегі аға оқытушы Акимжан Назым Алтынбекқызы, Алпамыс Әбу, Мейірбол Муталиев сынды көрермендер жан-жақтан қатысып, тақырып төңірегінде ұсыныс айтып, конференцияға байланысты  алғысын білдірді.

Конференция соңында "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің президенті Арман Әубәкір қатысқан барша адамдарға алғыс айтты.

2 сағаттан астам уақытқа созылған конференцияның материалдары, қысқартылған нұсқалары Адырна ұлттық порталының You Tube каналында, Фейсбук, Инстаграм парақшасында жарияланатын болады.

 

Жансая Сман


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар