Қызмет көрсету орталығы «Jetisy adaldyk_alany» жобасы аясында жүзе асты. Онда ауыл тұрғындарына жер қатынастары және сәулет мәселелерінен бөлек мемлекеттік қызметтің 37 түрі ұсынылмақ.
Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, келушілер қажетті қызмет түрін аудан орталығына бармай бармай, уақыттарын тиімді пайдаланып бір жерден ала алады.
Жобаның басты мақсаты–азаматтардың мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін арттыру болып табылады. Жалпы, мұндай әкімдік облыс деңгейінде 24 болса, аудан бойынша екінші рет ашылып отырған орталық.
Айта кету керек, «Open Ѕрасе» жаңа форматта қызмет көрсететін кеңседе электрондық үкімет порталын да қолдануға болады.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылып отырған сервистік әкімдіктің ауыл жұртшылығына пайдасы мол болмақ. Бұл дегеніміз кез–келген анықтаманы, арыз–шағымды және т.б қызмет түрлерін алуға үлкен мүмкіндік.»–дейді мемелекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Д.Маманов.