Алакөлде экс-әкім орынбасары сотталды

Самал Асқар 20 қаң. 2026 09:07

Алакөл ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхаметкалиев Қуандық Оспанұлы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dala News.

Сот шешімі Алакөл ауданына қарасты Архарлы ауылына электр желісін тарту кезінде жіберілген заңбұзушылықтарға байланысты шыққан. Тергеу материалдарына сәйкес, инфрақұрылымдық жобаны іске асыру барысында бірқатар талаптар сақталмаған.

Қазіргі уақытта сотталған азамат денсаулығына байланысты ауруханада ем қабылдап жатыр.

Айыпталушы тарап үкіммен келіспейтінін мәлімдеді. Қорғаушысы сот актісіне апелляциялық шағым түсіріп, істі жоғары сатыдағы сотта қайта қарауға ниетті екенін хабарлады.

Алдағы уақытта істің тағдыры апелляциялық соттың шешіміне байланысты болмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove