Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты істі тергеу аяқталуға жақын, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.
"Барлық сараптамалардың қорытындыларын алдық. Кішкене кейбір процессуалдық әрекеттер жасалғаннан кейін, айдың аяғында іс сотқа жолданатынын болды . Кейбір сараптамалардың қорытындысына сәйкес, Zeekr автокөлігінің иесі аса жылдамдықпен жүргені анықталды. Бұдан басқа ақпараттарды әзірге жариялай алмаймыз", - дейді адвокат.
