Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік рейтингта Қазақстанның ең үздік университеті

Dalanews 14 қаз. 2023 04:05 1175

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – негізі қаланғаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстары, қасиетті қарашаңырағы, өзіндік дәстүрлерге бай, көпжылдық білім беру және ғылыми салада тәжірибесі мол жоғары оқу орны.

ҚазҰУ бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

ҚазҰУ – QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» марапатын ал­ған Орталық Азиядағы ал­ғаш­қы және жалғыз жоғары оқу орны. Сондай-ақ QS by Subject пәндік рейтингінде уни­­верситет төрт пән саласы мен 16 дайындық бағыты бойынша үздіктер қатары­на кіреді. Университеттің 137 білім беру бағдарламасы­ның халықаралық деңгейдегі бә­секеге қабілеттілігін дәлел­дейді. Бұл университет ұжы­мының көпжылғы және күн­делікті тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Ғылыми әлеуетті дамыту – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. Елбасының отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының алдына ғылыми әлеуетті арттыру мәселесін қойып отыр. ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. 


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті осы рейтингіде табысты жоғарылау факторлары кең ауқымды құрылымдық модернизация, соңғы бес жыл ішінде 40 пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы, сонымен бірге ҚазҰУ медицина – биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауы, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрауы және халықаралық жобалары болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып келе жатқан оқу орны, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы. Біздің Қазақ ұлттық университетіміз алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берсін, табысы арта берсін деп тілейміз!

Заң факультетінің 1 курс магистранты Темирхан Аружан


Жетекшілері: з.ғ.к., профессор – Атаханова Г.М.


з.ғ.к., доцент – Бисенова М.Қ.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар