Freedom Inside '26

Әл-Фараби даңғылығындағы қайғылы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу тоқтатылды

Әл-Фараби даңғылығындағы қайғылы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу тоқтатылды
Фото: Егемен Қазақстан

Алматыдағы үш адамның өмірін қиған резонансты жол-көлік оқиғасына байланысты жауапқа тартылған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану бабымен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу 3 маусымда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты жабылған.

Еске салайық, биыл наурыз айында Алматының әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан еді. Оқиғадан кейін полиция басшылығының апатқа қатысы бар-жоғы және кінәлі жүргізушіге қандай да бір қолдау көрсетілген-көрсетілмегені тексерілді.

Кейін бірқатар қылмыстық іс қозғалып, бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Ал негізгі күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған.