Әкімнің ұлы қылмыстық іске ілінді: шенеунік қызметінен кете ме?

Әкімнің ұлы қылмыстық іске ілінді: шенеунік қызметінен кете ме?
Фото: NewTimes

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Арыс қаласы әкімінің ұлы қатысқан жол-көлік оқиғасынан кейін әкімнің қызметінен кетуі мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Қолданыстағы заңнамада және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде мұндай жағдайда мемлекеттік қызметшінің өз еркімен қызметінен кетуі немесе өзін-өзі шеттетуі міндеттелмеген", - деп жауап берді агенттік NewTimes.kz-ке. 

Еске салайық, Арыс қаласы әкімінің ұлы ауыр жол апатына байланысты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде тергеліп жатыр. Апат салдарынан 21 жастағы студент Талғат Емел екі аяғынан айырылған болатын.