"Әкімнен бұрын жетуге асыққан": Қызылорда облысында журналистер отырған көлік жол апатына ұшырады

Dalanews 15 қаң. 2024 11:13 473

Қызылорда облысында журналистер отырған әкімдік көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі opennews.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін түс уақытында болған. Жаңақорған ауданының Құттықожа ауылына бара жатқан жолда облыс әкімдігінің Toyota Hiace автокөлігі жол апатына ұшырады.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]"Көлік ішінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жаңақорған ауданына сапарын ақпараттандыруға аттанған бір топ БАҚ
өкілдері болған. Журналистер мінген көлік әкімнен бұрын келесі нысанға жету үшін асығып, жолдан тайып кеткен. Абырой болғанда, адамдар аман. Түрлі дене жарақатын алғандар бар", - деп жазылған басылым мәліметінде. [/perfectpullquote]

Өңірдің Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшілеріне бұл ақпаратты растады. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілі жол апаты дерегі тіркелгенін, оған қатысты тиісті тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар