Freedom Inside '26

Әкімдікте кітапхана ашылды

Әкімдікте кітапхана ашылды
Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының бастамасымен «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында Бәйдібек ауданы әкімдігінің ғимаратында жылжымалы кітапхана пункті ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кітап сөресіне аудандық орталықтандырылған кітапхана қорындағы әдеби, саяси, дінтану, өнер, тарих, шетел әдебиеті, философия, психологиялық бағыттағы жалпы саны 200-ден астам кітап қойылған.

Оқырман сұранысы бойынша сөредегі кітаптар жаңартылып отырады.



Жоба мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітапқа қолжетімділігін арттыру.