Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ажар Ғанияттың неліктен отставкаға кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Журналистер Дүйсеновадан бұрынғы денсаулық сақтау министрінің неліктен қызметінен босатылғанын сұрады. Өз кезегінде ол Ғаниятқызы өзіне жүктелген міндетті орындап болғанын алға тартты.
"Біз өмір бойы мұнда жұмыс істемейміз. Ажар Ғиниятқызы алдына қойған міндетін орындады. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет - бұл жүйенің қаржылық бөлігі",- деді вице-премьер.
Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кеше қызметінен кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылық қызметіне Ақмарал Әлназарова тағайындалды.