Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтірмек, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әуе компания 1 қазаннан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 2 қазаннан бастап Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
"Қазанда ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды: Алматы-Дубай-Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін артады. Астана-Дубай-Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін артады", - деп жазылған хабарламада.
Әуе компания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отыр және қажет болған кезде ұшу кестесін өзгертуі мүмкін.