Жастар жылына орай ұйымдастырылған шараға өңірдегі елді-мекендерден 10 әскери-патриоттық ұжым қатысты. Барлық қатысушылар – өз аймағындағы іріктеу кезеңінің үздіктері.
Екі күнге созылған аламанда қатысушылар сап түзеу дайындығы, физикалық мықтылығын сынау, қару құрастыру мен бөлшектеу, әскерилендірілген кросс сияқты жарысқа қатысты.
Сондай-ақ аталған шара шеңберінде IQazaqstan атты зияткерлік ойыны және робототехникадан “Менің роботым” сайысы ұйымдастырылды.
Жарыстың қорытындысында Семей қаласынан келген “Жас қыран” әскери-патриоттық клубы топ жарды.
Бірінші орын Жарма ауданының “Жас сақшы” командасына, екінші орын Зайсан ауданының “Айбын” командасына бұйырды.
Ал жүлделі үшінші орынды Өскемен қаласының “Жас бүркіт”командасы иеленді.
"Бұл жиын Жастар жылы дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру. Мұндай жарыстарды көптеп өткізген жөн. Осы жолғы жарысқа өңіріміздегі үздік командалар қатысты", – деді өз сөзінде ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ришат Рамазанов.
Аймақтың жарыста үздік атанғандар ендігі жерде республикалық деңгейдегі “Айбын” ойындарына дайындалады.
Байқаудың ел көлеміндегі биылғы жеңімпазы семейлік жастар екенін айта кетелік.