Мені он екі миллион орыстың бір сыпырғышы деп ойлаған ғой. Әрине әкесі "Қазақ деген орыс" деп үйретіп қойғаны үшін ол кінәлі емес. Әкесі мен шешесі, бізше айтқанда папасы мен мамасы кінәлі.
Қайдағыны ойлап, өзімде кімге тиісерімді білмей келе жатыр едім. Мынау іздегенге сұраған болды.
– Қазақстандықсың ба, қазақсың ба? – деп мәселені төтесінен қойдым.
– Аға, шалақазақпын! – дегенде не айтарымды білмей қалдым. Иттің күшігі орысша ұлыр деп ойлаған едім. Екі ортада ондай сөз күтпеген соң, өзім де сасып қалдым. Бірақ «пацанның» жалғыз сөзі жүрегімді тулатып қана қоймай, жібітіп те жібергенін жасырып қайтейін. «Шалақазақпын» деп қазақша айтқанына біртүрлі... көңілім толып, «шалақазақтың» да қазақша сөйлей бастағанына мәз боп қалдым.
Самат Насыр Сақ
(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)