Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысы Жамбыл ауданында атом электр станциясын салу мерзімін шамамен есептеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Халықаралық тәжірибеде мұндай ауқымды жобаларды жобалау үш жылға дейін уақыт алады.
«Егер жалпы құрылыс жобалары туралы айтатын болсақ, мерзім қысқарақ – шамамен екі жыл ішінде. Бірақ негізгі нысанның құрылысын техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық құжаттама толық аяқталып, мемлекеттік органдардан қажетті рұқсаттар алынғаннан кейін бірден бастаймыз», – деді Сәтқалиев.
Еске салайық, күні кеше Қазақстанда АЭС салынатын орын анықталған болатын.
АЭС Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынбақ.
«Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», - делінген Үкімет қаулы.
Бұл шешім 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған еді.
Алайда құжат ресми түрде бүгін яғни 25 ақпанда күшіне енеді.
Бұған дейін АЭС құрылысы бойынша төрт компаниямен диалог аяқталған болатын.