Адвокат Бишімбаев мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін екенін хабарлады

Көркем Алдабергенова 19 қыр. 2024 12:58 1668

Адвокат Жанна Оразбахова Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Астана соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты түскен істі қарауға кіріскен. Осылайша, Салтанатттың ағасы Айтым Амангелді экс-министрден өтемақы өндіріп алмақ. 

"Мәселе ақшада емес. Бастысы – қылмыскерді мерзімінен бұрын шығып кету мүмкіндігінен айыру. Өтемақы сомасы көп болған сайын оның бостандыққа шығып кету мүмкіндігі де аз болады", - дейді адвокат. 

Айта кетейік, 27 тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы талап еткені белгілі болды. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды.

13 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі аяқталған болатын. Сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның ағасы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап, олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар