«Әділет» партиясы Ерлан Каринді Құрылтайға кандидат ретінде ұсынды

«Әділет» партиясы Ерлан Каринді Құрылтайға кандидат ретінде ұсынды
Ашық дереккөз.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин «Әділет» партиясының қатарына қосылып, Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Әділет» партиясы III кезектен тыс съезінде Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін жариялады.

Тізімге партия төрағасы Айбек Дәдебаймен қатар Ерлан Карин, Раушан Қажыбаева, Наталья Годунова, Асхат Аймағамбетов, Константин Авершин, Марат Бәшімов, Александр Данилов, Гүлзира Атабаева, Сұңғат Есімханов және Снежанна Имашева енгізілді.

Сонымен қатар партиялық тізімде бұрын «AMANAT» партиясын басқарған, Мәжілістің бұрынғы төрағасы Ерлан Қошанов пен Сенаттың экс-төрағасы Мәулен Әшімбаев жоқ.