Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің моралды-этикалық жағынан ғана емес, олардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысына байланысты да талап қояды. Оны орындау мемлекеттік орган қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі.
Осы Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Қалдыбек Оразовтың жеке қабылдауы өткізді.
Жеке қабылдау барысында жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразовтың мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексінің талаптарын және ондағы міндеттерді айтып өтті. Яғни, мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында, басқа уақыттарда өздерін қалай ұстауы, олардың моралдық құқықтық жағынан сауатты болуы сөз етті. Сондай-ақ, ауыл округ әкімдіктерінің мамандары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Айта кетуіміз керек, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бес институционалды реформаны іске асырудың 100 нақты қадамын айқындағаны белгілі. Бұл бес институционалды реформа – ел дамуының кепілі екендігі баршаға аян. Аталған ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.
Бұл Әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауы әдептілік нормаларын және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру бағытында өткізіліп отыр.
Dalanews.kz