«Өте ауыр жағдай. Жойқын өрттің салдарынан орын алған қайғылы жағдай баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымы қара жамылған отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Бүгін Министрлікте халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін жүзеге асыратын облыстардағы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жергілікті атқарушы орган өкілдерімен жиналыс өтті. Министрлік жергілікті атқарушы органдарға баспанаға мұқтаж көп балалы отбасылардың әлеуметтік және тұрғын-үй жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауды күшейтуді тапсырды», – делінген министрліктің ресми интернет-ресурсында.
Естерізге сала кетейік, 4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында Шыңғыстау көшесіндегі үй өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала қайтыс болған еді.