Астанада "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі fbrk.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
bes.media мәліметінше, айыптаушы тарап Талғат Боранбаев ағасы, істі болған кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуға көмектескені үшін Абылай Мырзахметовке 30 миллион доллар берген деп есептейді.
"Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында қаражатты ұрлау ниетімен Мырзахметов кейінгісін (Боранбаевты - еск.) қылмыс жасауға итермеледі, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдарға және құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына беремін деген желеумен 30 миллион доллар сомасында пара беру қажет екенін айтты", – деді прокурор.
Айта кетейік, "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов былтыр 10 мамырда ұсталды.