Әкімдік күшімен бірнеше аудандарда далалық ас үйлер ұйымдастырылды. Далалық асүйлер тоқтаусыз жұмыс істеп, өрт сөндірушілерді уақытында ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, Семей және Бородулиха аудандарында ұйымдастырылған эвакопункттерге Бородулиха ауданының Успенка, Принебесное, Барышевка кенттерінің, сондай-ақ Каштак, Талица, Тепкаши, Половинки ауылдарының тұрғындары келіп қоныстанды.

Ең кішкентай эвакуацияланған балалар үшін облыстың білім басқармасының күшімен қала бойынша экскурсия жасалып, демалыс ұйымдастырылды.
Жалпы Семейдегі эвакопункттер 800-ден астам адамды қабылдай алады. Тұрғындар тастап кеткен үйлердің жанында полиция қызметкерлері тонау фактілерін болдырмау үшін кезекшілік етуде. 43 тәртіп сақшылары күндіз-түні қараусыз қалған кенттерде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Өрттен келтірілген залал комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша өтелетін болады.