Абай облысында тұрғын үй құрылысы 37,2 пайызға артты

Dalanews 27 қыр. 2023 06:26 966

Жаңадан құрылған Абай облысында құрылыс саласы қарқынды дамуда. Бүгінде өңірдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 37,2 пайызға артқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы жеке кәсіпкерлердің бастамасымен өңірде екі пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын.

Бүгінде үй салу үшін тиісті жер телімдері беріліп, қазіргі уақытта құрылыс салатын мердігерлермен келіссөздер жүргізілуде.

Алдағы уақытта салынатын тұрғын үйдің жалпы ауданы 2930 шаршы метрді құрайды.


Осылайша әкімдік жастар үшін көлемі 65 шаршы метрді құрайтын екі бөлмелі үйден тұратын 16 үйді салып, жастарға табыстауды көздеп отыр.

Осылайша Абай облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 37,2 пайызға артып, 89,4 млрд теңгені құраған. Бүгінгі таңда аумағы 165,9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға беріліп, көрсеткіш 28%-ға артық.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар