Абай облысында еңбек құқықтарын қорғау күшейтілді

Самал Асқар 27 нау. 2026 17:25

 

Абай облысында прокуратура еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты күшейтіп жатыр, деп хабарлайды DalaNews.

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында облыс прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясы, әлеуметтік қорғау департаменті және кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп, «Qazaq Astyq Group» ЖШС мен «Семей цемент зауыты» ЖШС ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Шаралардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту.

Кездесулер ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар сұрақтарын қойып, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер бойынша нақты түсіндірулер алды.

Прокуратураның мәліметінше, мұндай кездесулер азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove