Freedom Inside '26

Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды
ашық дереккөз

Абай облысында әскери қызметкер полигонда болған оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі.