Абай облысында прокурорлар 160 млн теңге көлемінде бюджеттің негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілері заң талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу арқылы 3,5 млрд теңгеден астам сомаға жоғары бағамен көмір сатып алмақшы болған.
Прокуратурамен қабылданған шаралар бойынша сатып алу тоқтатылып, жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар көмір өндірушісімен тікелей шарт жасасты. Осылайша 160 млн теңгеден астам қаржы үнемделді. Бұл қаражат кәсіпорындардың қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдеріне жұмсалады.
Негізсіз бюджет шығындарын қысқарту мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.