Мембағдарлама шеңберіндегі аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша «Бір қабатты шығыс» өңірлік жобасы әзір өз нәтижесін беруде.
Жоба аясында 16 үйдің құрылысы аяқталып, Абай ауданындағы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілді.
Бұдан бөлек ауданға қарасты Қарауыл ауылындағы көп жыл бойы бос тұрған көппәтерлі 2 тұрғын үй жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді. 15 пәтер ауылдағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табыс етілді.
Осылайша ауданға жалпы саны 47 көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар баспаналы болды. Бұл пәтер иелерінің ғана емес, күллі Абай жұртшылығының ортақ қуанышы.