Тағылымдамадан Хамзина Ж.А., аға оқытушылар Байсымакова Д.С., Белхожаева Д.Ж. және Тұрлыханқызы Қ. профессор Е.А. Бөрібаевтың жетекшілігімен Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) заң факультетінде «Тұлғаның әлеуметтік-еңбек құқықтарын соттық және медиация нысандарында қорғау» тақырыбында біліктіліктерін жетілдірген.
Ғылыми тағылымдама нысанындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру 72 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық ғылыми жобаны орындау аясында жүзеге асырылды.