АБАС-ШАХ САЛҒАН "САРА ЖОЛ"  

Dalanews 30 қаң. 2015 04:31 1126

[caption id="attachment_8888" align="alignleft" width="238"]абасшах Серік Абас-Шах[/caption]

Көнеден келе жатан дәстүрлі әндерімізді ел аузынан тірнектеп жинап, ұрпаққа аманаттаған Александр Затаевич қазақ халқының ән-күйіне тәнті болғанда айтқан «Қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген сөзі бәріміздің көкеймізде сайрап тұр. Ғайыптан тайып, мыңболғыр Александр Викторович бір құдіреттің күшімен қазіргі заманға қайта оралса, қазақ эстрадасының құлақ тұндыратын әні мен биін, телеарналардағы ән шерулерді көріп теңеу таба алмай қатты қиналар ма еді, қайтер еді?! Өйткені, қазір кең сахараның әрбір сай-саласы, жыра-жықпылы, ой-шұңқыры күндіз-түні дамыл таппай ән салып тұр.

Телеарнаны қоссаң, алқын-жұлқын билеп, ән айтқан әншіге тап боласың. Біз мұндай күйге қалай тап болдық? Сүреңсіз өміріміздің өзі шоуға айналып бара жатқанын көргенде еріксіз мұңаясың. Сараптамалық бағдарламалардың арасында ән айтылғаннан кейін, не деуге болады. Таяуда «Хабар» арнасында «Жұлдызды айтыс» деген жоба дүркіреп өтті. Біздіңше, бұл айтысты насихаттау емес, қорлау болды. Шоудың сиқырлы сазына елтіген телевизиялық продюссерлердің сауықшыл жұрттың назарын өздеріне аудару үшін жасаған кезекті «әдісі» екенін түсінеміз. Оған қатысқан әртістерді қойыңызшы, «Жұлдызды айтысқа» домбырасын арқалап келіп, тәмам жұрттың көзінше өздерін өздері масқаралаған айтыскер ақындар үшін ұялдық. Айтпағымыз бұл емес, одан да сорақы дүниелерді көріп жүрген көз ғой, несіне таңырқайық! Кезінде «Хабар» арнасынан осындай талай жобаның тұсауын кескен Серік Абас-Шахтың «фейсбук» парақшасына жазған мына бір посты бізді қатты таңқалдырды. Енді сол посты келтірсек.

«Жұлдызды айтыс» игі-жақсыны да, қалың жұртты да жынды қылды.

«Лақпаны» лайықсыз көргендер ренішін баса алмай отыр.

«Лаққандардың» райдан қайтар түрі жоқ.

«Жұлдыздар айтысады» жобасы эфирде «жындылар айтысады» болып шықты. Қылжақпастар мен әншібастар арқылы «айтыс жарнамаланды, жұрт оған назар аудара бастады» деп ақталып жатқандар бар. Дұрыс тәсіл екен. Онда мешіттердің қабырғаларына «Кешью» тобындағы қыздардың қысқа шортик киген фотосын іліп қойыңдар. Жұма намазды Нұрлан Еспанов пен Нұрлан Абдуллинге оқытыңдар. Жаназа шығаруға КВН ойыншылары барсын. Аптасына бір рет (мешіт ішінде) Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырыңдар. Шоудың «көкесі» осы. Мұсылмандықты насихаттаудың «көкесі» осы. Бұдан кейін жастардың бәрі мешіттен шықпайтын болады».

f25ba7d0ed00bc2059a58031b0933979Сенбей отырған шығарсыздар, бірақ бұл посттың авторы Серік Абас-Шах. Секеңнің дәл өзі. Кезінде бүкіл әнші, әртісті «Хабарға» жинап, шоу жобалардың тұсауын кесіп, әр хабарды әнмен әспептеп, бимен көркемдеуге күш салған Секең. Оның парақшасындағы жазба қазіргі қазақ қоғамының қандай күйге түскенін дәл айқындап береді. Бұдан асырып айту мүмкін де емес. Отандық телеарналар Секең салған «сара жолмен» жүре берсе, біраз жылда КВН-щиктердің жаназада «прикол» айтып, елді жұбатқан реалитет шоуын да көріп қалуымыз бек мүмкін. Секең сын садағына жиі алатын інісі Нұрлан Еспанов мен Нұрлан Абдулин Астана мен Алматыдағы әйдік мешіттерде азан айтуы үшін ары-бері ұшып жүретін күнге де жетерміз (Иншалла). Кім білсін? Қазақ телеарнасындағы шоу-бағдарламалардың негізін қалаған майталман маман бірдеңені білген соң айтып отырғаны анық. Қалай десек те, бұл кісі шошитын шындық. Егер алдағы уақытта Секең болжаған күйге түссек, біздің біткеніміз.
Секең сын садағына жиі алатын інісі Нұрлан Еспанов мен Нұрлан Абдулин Астана мен Алматыдағы әйдік мешіттерде азан айтуы үшін ары-бері ұшып жүретін күнге де жетерміз (Иншалла). Кім білсін?

Секеңнің кезінде «Хабарда» әншілер журналистердің орнын басып, түрлі хабарларды жүргізгеніне куә болдық. Бағдарламаны қойыңызшы, тікелей эфирдің өзін әншілерге «сеніп» тапсырдық қой. Нәтижесі қандай болғанын Мәдина Сәдуақасованың Азиаданы жүргізген кезін еске алсақ жетіп жатыр. Қазір әнші, әртістер телеарнадағы журналистердің орнын толықтай басып алған. Бағдарлама біткеннің бәрі әншілерсіз өтпейді. Бұл аз десеңіз, соңғы уақыттары әнші-әртістер журналистика факультетінің магистратурасына түсіп алып, шетінен журналист атанып жатыр. Ертеңгі күні олардың бәрі қолында құжаты бар журналист болады. Сол кезде әншілер мешіттегі имамдардың орынын тартып алмаса да, телеарналарды кәсіби журналистерден тазартатыны анық. Мұны бірінші болып Секеңнің сезуі де орынды. Амал жоқ, өз қолыңды өзің кесе алмайсың.

Нұрлан ӘУБӘКІР


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар