Абай облысындағы өрт: Бектенов екі министрді шұғыл өңірге жіберді

Абай облысындағы өрт: Бектенов екі министрді шұғыл өңірге жіберді
kaztag.kz

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша "Семей орманы" аумағындағы жұмыстарды үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа "Семей орманы" аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Абай облысына шұғыл баруды тапсырды.

Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 400-ден аса адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Көлемі 100 тоннадан аса су себілген. Жедел штаб жұмысы Премьер-министрдің жеке бақылауында.