Абай облысындағы Водный кентінде патрульдік полиция қызметкерлерінің әрекеті жол-көлік оқиғасына ұласуға шақ қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бейнежазбада екі патрульдік көліктің жолдың тұтас сызығын басып өтіп, қарсы бағытқа шыққаны көрінеді. Осы сәтте қарсы келе жатқан көліктің жүргізушісі соқтығыспау үшін көлігін шұғыл бұруға мәжбүр болған.
Оқиға кезінде жол жиегімен кетіп бара жатқан жаяу жүргінші де қауіпке ұшырай жаздаған.
Әзірге полиция қызметкерлерінің мұндай әрекетке не себепті барғаны және оның қызметтік міндетті орындаумен байланысты болған-болмағаны белгісіз.